30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Freeport-McMoRan
Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
27.09.24 16:18
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 қыркүйегiнен
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
15 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Freeport-McMoRan Inc.
(АҚШ) US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың
15 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 17 қазанынан бастап
қайта басталады.
[2024-09-27]