/KASE, 26.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың қазан
айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы
акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері)
қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2024 жылдың 23 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2024 жылдың 01-31 қазан аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші
кластағы бағалы қағаздар тізіміне 59 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді.
2024 жылдың қыркүйек айында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші
кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге
мыналар кірді:
1) iShares MSCI France ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы,
EWQ_KZ) ETF бағалы қағаздары;
2) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы,
OXY_KZ) жай акциялары;
3) "Баян Сұлу" KZ1C00000165 (KASE негізгі алаңы,"стандарт" санаты,
BSUL) жай акциялары;
4) "БАСТ" АҚ KZ1C00001015 (KASE баламалы алаңы,"акциялар" секторы,
BAST) жай акциялары;
5) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры"
интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000025
("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe)
пайлары;
6) SPDR Gold Shares US78463V1070 ("инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары" секторы, US_GLD_) ETF бағалы қағаздары.
2024 жылдың қыркүйегінде қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класс
тізімінен мыналар шығарылды:
1) NIKE, Inc. US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай
акциялары;
2) The Select Sector SPDR Trust US81369Y8865 ("KASE Global" секторы,
XLU_KZ) ETF бағалы қағаздары;
3) Meta Platforms, Inc. US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ)
жай акциялары;
4) Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038 ("KASE Global" секторы,
QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздары;
5) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ
KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FHJIag) пайлары.
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың қазан
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_oct.pdf
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың қыркүйек
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_sep.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2024-09-26]