/KASE, 24.09.24, 20.09.24, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 27 қыркүйегінде KASE сауда-саттық
жүйесінде "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00011880 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb16) облигацияларын орналастыру
бойынша төменде берілген шарттарда (Астана қ. уақытымен) арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
--------------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: индекстелген купондық
облигациялар
ISIN: KZ2C00011880
KASE сауда-саттық коды: INBNb16
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 80 000 000 000
– орналастырылған: 70 055 000 000
Айналыстың басталу күні: 13.09.24
Айналыста болудың соңғы күні: 12.09.31
Өтеудің басталу күні: 13.09.31
Айналымда болу мерзімі: 7 жыл (2 520 күн)
Купон мөлшерлемесі: құбылмалы (инфляция индексі + маржа 5,85 %),
ағымдағы купондық кезеңге жылдық 12,75 %
Купонды төлеу кезеңділігі: жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні: жыл сайын 13 наурызда және
13 қыркүйекте
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------ --------------------------------------------
Сауда-саттық күні: 27.09.24
Орналастырудың жарияланған көлемі,теңге: 9 945 000 000
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:00–12:30
Өтінімдерді растау уақыты: 11:00–12:30
Кесім уақыты: 14:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 27.09.24, 14:30
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Сентрас Секьюритиз" АҚ
---------------------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
жылдық пайызбен белгіленген маржа мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес
есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/INBNb16/
[2024-09-24]