/KASE, 23.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
23 қыркүйегінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM*
сериясы) "Bank RBK" Банкі" (Қазақстан) АҚ KZ2C00007979 (INBNb10)
облигацияларын олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып
тастады (23 қыркүйек – өтеу кезінде тізілім тіркелген күн).
2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 55 атаулы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке
алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар
бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-09-23]