/KASE, 20.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 қыркүйегінен
бастап "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00012172 (KASE негізгі алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, NCOMb4; $100, $10,0 млн; 360 күн;
жартыжылдық купон, жылдық 10,00%, 30/360) облигацияларымен KASE-ге
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "лас" бағасының
екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/NCOMb4/
[2024-09-20]