20 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase &
Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
19.09.24 15:56
/KASE, 19.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 қыркүйегiнен
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
04 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, JPMorgan Chase & Co.
(АҚШ) US46625H1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 04 қазанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 07 қазанынан бастап
қайта басталады.
[2024-09-19]