/KASE, 19.09.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Шұбаркөл Премиум" АҚ (Қарағанды) 2024 жылдың
02 қарашасында сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібімен оның
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін KASE-ге
хабарлады:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту
туралы;
- Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату
туралы;
- Директорлар кеңесі мүшелерінің жаңа құрамын сайлау, оның сандық
құрамын және өкілеттік мерзімін, сыйақы төлеудің мөлшерін анықтау.
Жиналыс туралы қазақ және орыс тілдеріндегі толық ақпарат
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SHUP/shup_special_shareholders_meeting_info_021124_1239.pdf
[2024-09-19]