19 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында US57636Q1040 (MA_KZ) MasterCard, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

18.09.24 17:24
/KASE, 18.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 19 қыркүйегiнен бастап есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша MasterCard, Inc. (АҚШ) US57636Q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 қазанынан бастап қайта басталады. [2024-09-18]