19 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00011880 (INBNb16) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

18.09.24 15:15
/KASE, 18.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 19 қыркүйегінен бастап "Bank RBK" Банкі" АҚ Алматы) KZ2C00011880 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb16; 1 000 теңге, 80,0 млрд теңге; 13.09.24-13.09.31; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон; ағымдағы купондық кезеңге жылдық 12,75 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы- қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/INBNb16/ [2024-09-18]