/KASE, 18.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2024 жылдың 17 қыркүйегінде "Fincraft Group" ЖШС
(Алматы) KZ2P00012172 (NCOMb4, $100, $10,0 млн; 360 күн; жарты жылдық
купон, жылдық 10,00%, 30/360) облигацияларының негізгі алаңын
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылды.
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 18 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/NCOMb4/
[2024-09-18]