18 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058KL69 (IBRDe3) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды

18.09.24 09:34
/KASE, 18.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 қыркүйегінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 20 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге келетін, Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058KL69 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, IBRDe3) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының сәйкес KASE-де 2024 жылдың 20 қыркүйегінде көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап қайта басталады. [2024-09-18]