17 қыркүйектен бастап KASE-де бес атаудағы ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

16.09.24 17:36
/KASE, 16.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 17 қыркүйегiнен бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және олар бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 01 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді: 1. US4642872422 ("KASE Global" сектор, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF; 2. US4642885135 ("KASE Global" сектор HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF; 3. US4642895118 ("KASE Global" сектор", IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF; 4. US78468R6633 ("қорлардың қағаздар" секторы, US_BIL_) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF. 5. US74347G4405 ("KASE Global" сектор BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF; Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидасының" 13 бабының 12) тармағына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 01 қазанында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 03 қазанынан басталады. [2024-09-16]