/KASE, 11.09.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау) 2024 жылдың 10 қазанында
сағат 14:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады:
- компанияның 2023 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- компанияның 2023 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, компанияның
жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім
қабылдау және компанияның бір жай акциясына шаққандағы 2023 жылға
дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
- компанияның 2024 жылға аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды
анықтау туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_special_shareholders_meeting_info_101024_309.pdf
[2024-09-11]