11 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Meta Platforms, Inc.
US30303M1027 (META_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
10.09.24 16:07
/KASE, 10.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 қыркүйегiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
16 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Meta Platforms, Inc.
(АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 12 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 16 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 қыркүйегiнен
бастап қайта басталады.
[2024-07-10]