11 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 (CRM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

10.09.24 16:03
/KASE, 10.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 қыркүйегiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 18 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 ("KASE Global" секторы, CRM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда- саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 12 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 18 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 20 қыркүйегiнен бастап қайта басталады. [2024-09-10]