09 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Verizon
Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларының сауда-
саттығы тоқтатылады
06.09.24 16:24
/KASE, 06.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
09 қыркүйегінен бастап есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 қазанына және
одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесеріндегі репо операциялары бойынша Verizon
Communications Inc. US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 10 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 қазанынан
бастап қайта басталады.
[2024-09-06]