09 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049 (M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

06.09.24 16:20
/KASE, 06.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 қыркүйегінен бастап есептесу күні 2024 жылдың 13 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде жасалатын репо операциялары бойынша Macy's US55616P1049 ("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 13 қыркүйегінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап қайта басталады. [2024-09-06]