2024 жылдың тамыз айындағы KASE акциялар нарығына шолу
04.09.24 17:19
/KASE, 04.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың тамыз
айында акциялар нарығына шолу жасайды.
Тамыз айында акциялармен сауда-саттық көлемі 9,1 млрд теңгені құрап,
шілдеге қатысты 83,4 %-ға немесе 45,8 млрд теңгеге азайды. Тамыз
айында акциялардың сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті. Сауда-
саттықтың орташа тәуліктік көлемі 433,2 млн теңгені, мәмілелердің орташа
тәуліктік саны – 6 596 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі – 65,7 мың
теңгені құрады.
Тамыз айында KASE Индексінің мәні 1,3 %-ға өсіп, айдың соңына қарай
5 304,09 тармақты құрады.
---------------------------------------------------------------
Көлемі,
млрд теңге
Δ, % -----------
29 тамыз 31 шілде Δ, % 01.01.24 бастап тамыз шілде
------------ -------- -------- ---- --------------- ----- -----
KASE Индексі 5 304,09 5 234,43 +1,3 +26,7 7,79 12,11
---------------------------------------------------------------
Тамыз айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 7,8 млрд теңгені
құрады, бұл шілде айындағы көрсеткіштен 4,3 млрд теңгеге төмен. Сауда-
саттықтың максималды көлемі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай
акцияларына – 1,5 млрд теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың
жалпы көлемінің 19,0 %) тиесілі болды.
---------------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі,
бір акцияға теңге Δ, % млн теңге
-------------------------- --------------- ---------------------
29 тамыз 31 шілде Δ, % 01.01.24 бастап тамыз шілде Δ, %
---- --------- --------- ------ --------------- ------- ------- -----
KCEL 3 232,00 2 964,99 +9,0 +65,3 566,6 2 063,3 -72,5
KMGZ 14 138,00 13 434,99 +5,2 +22,5 907,9 2 151,1 -57,8
HSBK 210,98 205,87 +2,5 +29,0 1 482,3 1 462,4 +1,4
KZTO 827,00 814,00 +1,6 -4,4 873,5 703,7 +24,1
KZAP 18 394,00 18 301,01 +0,5 -0,4 982,1 1 003,7 -2,2
KZTK 38 960,00 38 874,00 +0,2 +12,9 357,9 997,8 -64,1
KEGC 1 480,00 1 480,00 0 -0,1 332,4 643,9 -48,4
CCBN 1 994,96 1 995,00 -0,002 +104,2 479,7 847,8 -43,4
AIRA 822,00 853,02 -3,6 -30,9 1 000,2 1 313,5 -23,8
KSPI 63 100,00 65 550,00 -3,7 +38,4 803,1 924,6 -13,1
---------------------------------------------------------------------
2024 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын
капиталдандыру 33,0 трлн теңгені (68,5 млрд USD) құрады, бұл өткен
айдағы көрсеткіштен 50,9 млрд теңгеге немесе 0,2 %-ға жоғары.
-----------------------------------------------------------
29 тамыз 31 шілде Өзг. Өзг., %
----------------------- --------- --------- ------- -------
Капитализация, млрд KZT 32 971,77 32 920,88 +50,88 +0,2
Капитализация, млн USD 68 517,03 69 253,18 -736,15 -1,1
-----------------------------------------------------------
2024 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша акциялар нарығын
капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар
бағасының өзгеруі:
------------------------------------------------------
Бағаның өзгеруі /
Эмитент (соңғы мәміленің күні) Өзг., %
----------------------- ---------------------- -------
"Сентрас Секьюритиз" АҚ 2 898,00 1 756,00 +65,0
(CSEC) (09.08.24) (03.05.24)
----------------------- ----------- ---------- -------
"Кселл" АҚ 3 232,00 2 964,99 +9,0
(KCEL) (29.08.24) (31.07.24)
----------------------- ----------- ---------- -------
"Банк ЦентрКредит" АҚ 1 768,35 1 662,00 +6,4
(CCBNp) (29.08.24) (31.07.24)
----------------------- ----------- ---------- -------
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық 14 138,00 13 434,99 +5,2
компаниясы" АҚ (KMGZ) (29.08.24) (31.07.24)
----------------------- ----------- ---------- -------
"KM GOLD" АҚ 58,71 106,90 -45,1
(KMGD) (29.08.24) (31.07.24)
------------------------------------------------------
* кестеде акциялар бағасының +/- 5 %-дан асатын өзгеруі келтірілген.
[2024-09-04]