03 қыркүйектен бастап Қақастан қор биржасында NVIDIA Corp. US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

03.09.24 09:37
/KASE, 03.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 03 қыркүйегінен бастап есеп айырысу күні 2024 жылдың 12 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 12 қыркүйегінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап қайта басталады. [2024-09-03]