Абай және Ақмола облыстарының әкімдіктері 29 тамыз күні Қазақстан
қор биржасында 5,4 млрд теңге тартты
29.08.24 16:55
/KASE, 29.08.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі
облигациялар орналастырылды:
- Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002004
(AIK022_200; 1 000 теңге, 2 000 000 000 теңге; 29.08.24 – 29.06.26;
жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары 2,0 млрд
теңгеге;
- Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002012
(AKK022_201; 1 000 теңге, 3 375 467 000 теңге; 29.08.24 – 29.06.26;
жарты жылдық купон, 4,25 %; 30/360) облигациялары 3,4 млрд теңгеге.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.
[2024-08-29]