"Марганец Жайрема" АҚ жалғыз акционері жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

29.08.24 10:21
/KASE, 29.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Марганец Жайрема" АҚ (Қарағанды) жалғыз акционердің 2024 жылдың 26 тамызындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Акционер күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешім қабылдады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/MNZH/mnzh_decision_sole_260824_224.pdf [2024-08-29]