/KASE, 29.08.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық
жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигацияларын
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:
- Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002004
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, AIK022_200; 1 000 теңге,
2 000 000 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %;
30/360) облигацияларының 2 000 000 данасы;
- Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002012
("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, AKK022_201; 1 000 теңге,
3 375 467 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 44,25 %;
30/360) облигацияларының 3 375 467 данасы.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін,
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "лас" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып)
туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектеулі
өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай
кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты
бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады.
https://kase.kz/ru/membership
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері
мына сілтеме бойынша жариялады
https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/
[2024-08-29]