/KASE, 28.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың
қыркүйек айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және
инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі –
Бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2024 жылдың 23 тамызындағы шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2024 жылдың 01-30 қыркүйек аралығында қолданылатын өтімділіктің
бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 58 атаудағы бағалы қағаздар
енгізілді. 2024 жылдың тамыз айында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші
кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге
мыналар кірді:
1) Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038 ("KASE Global" секторы,
QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздары;
2) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF US4642885135 (сектор
"KASE Global", HYG_KZ) ETF бағалы қағаздары;
3) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ
KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FHJIag) пайлары;
4) NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай
акциялары;
5) Meta Platforms, Inc. (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы,
META_KZ) жай акциялары.
2024 жылдың тамыз айында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класс
тізімінен мыналар шығарылды:
1) "БАСТ" АҚ KZ1C00001015 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы,
BAST) жай акциялары;
2) SPDR Gold Shares US78463V1070 ("инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары" секторы, US_GLD_) ETF бағалы қағаздары;
3) iShares MSCI France ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы,
EWQ_KZ) ETF бағалы қағаздары;
4) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы,
OXY_KZ) жай акциялары;
5) ценные бумаги ETF US4642895118 (сектор "KASE Global", IGLB_KZ)
iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF.
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың қыркүйек
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_sep.pdf
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың тамыз
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_aug.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2024-08-28]