Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459056HV23 (IBRDe1)
халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
28.08.24 10:27
/KASE, 28.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 тамызынан
бастап Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459056HV23 ("халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, IBRDe1; $3,5 млрд; 28.08.19 –
28.08.24; жартыжылдық купон, жылдық 1,50%; 30/360) халықаралық облигациялары
айналым мерзімінің аяқтаплуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын
хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторына 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 наурызынан бастап ашылды.
[2024-08-28]