/KASE, 27.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
28 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы
органдардың мынадай облигацияларын орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:
1) Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының KZAJ00000135
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ALK115_013; 1 000 теңге,
25 357 717 000 теңге; 115 ай; жылдық купон, жылдық 0,02 %; 30/360)
25 357 717 данасы;
2) Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00001018
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, JTK116_101; 1 000 теңге,
10 109 801 000 теңге; 15.07.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық
0,02 %; 30/360) 6 370 780 данасы;
3) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000929
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KOK117_092; 1 000 теңге,
20 729 051 000 теңге; 19.06.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық
0,02 %; 30/360) 713 001 данасыи;
4) Батыс-қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMF00000986 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK117_098;
1 000 теңге, 8 198 010 000 теңге; 19.06.24 – 31.03.34; жылдық купон,
жылдық 0,02 %; 30/360) 246 638 данасы;
5) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000978
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AIK117_097; 1 000 теңге,
11 926 798 000 теңге; 19.06.24 – 31.03.34; жылдық купон, жылдық
0,02 %; 30/360) 6 615 360 данасы;
6) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMF00000994 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK117_099;
1 000 теңге, 8 611 235 000 теңге; 19.06.24 – 31.03.34; жылдық купон,
жылдық 0,02 %; 30/360) 2 043 262 данасы.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00 – ден 15:30-ға дейін,
есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данасыах облигацияларының
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең
немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері - 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді
өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай
кесімдеу бағасы бойынша, қарсы өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады.
https://kase.kz/ru/membership
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/
[2024-08-27]