KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ KZ2C00011856 (INCApp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
27.08.24 17:45
/KASE, 27.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2024 жылдың 27 тамызында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) KZ2C00011856
(1 000 теңге, 6,0 млрд теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,25%;
30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға INCApp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-08-27]