/KASE, 27.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) 2024 жылдың
20 тамызында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2023 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық
есептілігі бекітілсін;
- 2023 жылда таза табыстың болмауына байланысты 2023 жылдың
қорытындысы бойынша компанияның таза табысын бөлу тәртібін
бекітілмесін және компанияның бір жай акциясына есептегенде
2023 жылға дивиденд мөлшері белгіленбесін.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі жеті мәселе
бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_special_shareholders_meeting_results_200824_379.PDF
[2024-08-27]