22 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation US4581401001 (INTC_KZ) және M&T Bank Corporation US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
21.08.24 17:51
/KASE, 21.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 тамызынан
бастап есеп айырысу күні 2024 жылдың 03 қыркүйегіне және одан кейінгі
күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесіндегі
репо операциялары бойынша Intel Corporation Us4581401001 ("KASE Global" секторы,
INTC_KZ) және M&T Bank Corporation US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ)
жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
13-бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 03 қыркүйегінде
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 қыркүйегінен
бастап қайта басталады.
[2024-08-21]