/KASE, 16.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2024 жылдың 19 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде "Терра" ЖШС
(Қостанай облысы) KZ2P00011810 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар"
алаңы, TERRb1) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген
шарттарда (Астана қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілед.
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00011810
KASE сауда-саттық коды: TERRb1
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 495 000 000
– орналастырылған: –
Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша жүзеге асқан сауда-
саттықты өткізу күні
Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Айналымда болу мерзімі: 5 жыл (1 800 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 19,75 %
Купонды төлеу кезеңділігі: жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------ --------------------------------
Сауда-саттық күні: 19.08.24
Орналастырудың жарияланған көлемі,теңге: 495 000 000
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:00
Кесім уақыты: 11:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 19.08.24, 11:30
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Teniz Capital Investment
Banking" АҚ
---------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған қызығушылықты ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес
есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb68/
[2024-08-16]