"Терра" ЖШС KZ2P00011810 (TERRb1) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

16.08.24 17:15
/KASE, 16.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 16 тамызында "Терра" ЖШС (Қостанай облысы) KZ2P00011810 (1 000 теңге, 495,0 млн теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 19,75%, 30/360) облигациялардың баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні және KASE-де көрсетілген облигациялардың сауда-саттығын ашу туралы қосымша хабарланатын болады. Көрсетілген облигациялар "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің облигациялар шығарылымы болып табылады. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 13,75 %, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6,00 % құрайды. "Терра" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Teniz Capital Investment Banking" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға TERRb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Терра" ЖШС қызметінің негізгі түрі – басқа да ірі қара мен буйвол өсіру. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-08-16]