16 тамыздан бастап KASE-де бес атаудағы ETF бағалы қағаздарымен
сауда-саттық уақытша тоқтатылды
16.08.24 09:17
/KASE, 16.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 тамызынан
бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздары
бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы
қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және
олар бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 03 қыркүйегiне және одан
кейінгі күндерге сәйкес келеді:
- US4642872422 ("KASE Global" сектор, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment
Grade Corporate Bond ETF;
- US4642895118 ("KASE Global" сектор", IGLB_KZ) iShares 10+ Year
Investment Grade Corporate Bond ETF;
- US4642885135 ("KASE Global" сектор HYG_KZ) iShares iBoxx $ High
Yield Corporate Bond ETF;
- US74347G4405 ("KASE Global" сектор BITO_KZ) ProShares Bitcoin
Strategy ETF;
- US78468R6633 ("қорлардың қағаздар" секторы, US_BIL_) SPDR
Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF.
Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру
қағидасының" 11-2 бабының 10) тармағына сәйкес KASE-де 2024 жылдың
03 қыркүйегiнде аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 қыркүйегiнен
басталады.
[2024-08-16]