16 тамыздан бастап KASE-де Еуропалық қайта құру және даму банкінің
XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-
саттық тоқтатылды
16.08.24 09:00
/KASE, 16.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
16 тамызындан бастап KASE-де Еуропалық қайта құру және даму банкінің
XS2655869530 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2024 жылдың
17 тамызында көрсетілген облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын сатып
алуды өткізуге байланысты тоқтатылды.
[2024-08-16]