/KASE, 12.08.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KASE-ге
жалғыз акционерінің 2024 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен У.А. Галым
компанияның Директорлар кеңесінің құрамына сайланғанын хабарлады.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ
Директорлар Кеңесі жеті адамнан тұрады: М.Т. Елибаев, Б.Б. Омаров, А.А.
Джайлаубекова, Д.С. Турысбеков, Е.К. Маканов, Р.Э. Гаппаров, У.А. Галым.
Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/IDFR/idfr_board_changes_310724_347.pdf
[2024-08-12]