08 тамыздан бастап базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (AIRA) жай акциялары болып табылатын US0090632078 (AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттары KASE ресми тізімінің "Туынды бағалы қағаздар" секторына енгізілді

08.08.24 17:30
/KASE, 08.08.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2024 жылдың 01 тамызыындағы шешімімен базалық активі "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KZ1C00004050 жай акциялары болып табылатын US0090632078 (AIRAd) (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жаһандық депозитарлық қолхаттары KASE ресми тізімінің "туынды бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 08 тамызынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Көрсетілген бағалы қағаздар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/dept/show/AIRAd/ [2024-08-08]