08 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp.
US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
07.08.24 17:59
/KASE, 07.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 тамызынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
05 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ)
US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда-саттық
тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 05 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 09 қыркүйегiнен
бастап қайта басталады.
[2024-08-07]