08 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Alphabet INC.
US02079K1079 (GOOG_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды.
07.08.24 17:43
/KASE, 07.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 тамызынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
09 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін, Alphabet INC. (АҚШ)
US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 қыркүйегiнен
бастап қайта басталады.
[2024-08-07]