08 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power
Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
07.08.24 17:40
/KASE, 07.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 тамызынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
09 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric
Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ)
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 тамызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 тамызынан
бастап қайта басталады.
[2024-08-07]