07 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil Corporation
Company, Inc. US30231G1022 (XOM_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
07.08.24 10:04
/KASE, 07.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 07 тамызынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
15 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Exxon Mobil
Corporation (АҚШ) US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 тамызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 19 тамызынан
бастап қайта басталады.
[2024-08-07]