06 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation
US4581401001 (INTC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
06.08.24 18:20
/KASE, 06.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 тамыздан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
07 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Intel Corporation
(АҚШ) US4581401001 ("KASE Global" секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 тамызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 тамызынан бастап
қайта басталады.
[2024-08-06]