2024 жылдың шілде айындағы KASE акциялар нарығына шолу
06.08.24 14:49
/KASE, 06.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
шілдесіндегі акциялар нарығына шолуды ұсынады.
Шілде айында акциялармен сауда-саттық көлемі 54,9 млрд теңгені құрап,
маусымға қатысты 5,4 есеге немесе 44,8 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда-
саттық көлемінің өсуі бастапқы және қайталама нарықтарда байқалды.
Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 2,5 млрд теңгені, мәмілелердің
орташа тәуліктік саны – 6 629 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі –
376,1 мың теңгені құрады. Бастапқы нарық көлемі 175,0 млн теңгені
құрады.
Шілде айында KASE Индексінің мәні 1,6 %-ға өсіп, айдың соңына қарай
5 234,43 тармақты құрады.
----------------------------------------------------------
Көлемі,
млрд теңге
Δ, % ------------
31 шілде 28 маусым Δ, % 01.01.24 шілде маусым
бастап
------------ -------- --------- ---- -------- ----- ------
KASE Индексі 5 234,43 5 151,81 +1,6 +25,0 12,11 9,46
----------------------------------------------------------
Шілде айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 12,1 млрд теңгені
құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен 2,6 млрд теңгеге жоғары.
Сауда-саттықтың ең көп көлемі "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның жай
акцияларына – 2,2 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың
жалпы көлемінің 17,8 %) тиесілі болды.
-------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі,
бір акцияға теңгемен Δ, % млн теңге
------------------------ -------- ----------------------
31 шілде 28 маусым Δ, % 01.01.24 шілде маусым Δ, %
бастап
---- --------- --------- ---- -------- ------- ------- ------
CCBN 1 995,00 1 816,00 +9,9 +104,2 847,8 415,2 +104,2
KMGZ 13 434,99 12 700,00 +5,8 +16,4 2 151,1 2 238,3 -3,9
KZTK 38 874,00 36 845,00 +5,5 +12,7 997,8 480,7 +107,6
KSPI 65 550,00 63 302,00 +3,6 +43,8 924,6 647,2 +42,9
KEGC 1 480,00 1 475,00 +0,3 -0,1 643,9 922,7 -30,2
HSBK 205,87 205,70 +0,1 +25,8 1 462,4 1 878,6 -22,2
KCEL 2 964,99 3 003,00 -1,3 +51,7 2 063,3 597,2 +245,5
KZTO 814,00 832,89 -2,3 -5,9 703,7 571,7 +23,1
KZAP 18 301,01 18 801,01 -2,7 -0,8 1 003,7 508,4 +97,4
AIRA 853,02 891,49 -4,3 -28,3 1 313,5 1 201,7 +9,3
-------------------------------------------------------------
2024 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын
капиталдандыру 32,9 трлн теңгені (69,3 млрд USD) құрады, бұл өткен
айдағы көрсеткіштен 608,7 млрд теңгеге немесе 1,9 %-ға жоғары.
------------------------------------------------------------
31 шілде 28 маусым Өзг. Өзг., %
------------------------ --------- --------- ------- -------
Капиталдандыру, млрд KZT 32 920,88 32 312,22 +608,66 +1,9
Капиталдандыру, млн USD 69 253,18 69 411,03 -157,85 -0,2
------------------------------------------------------------
2024 жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша акциялар нарығын
капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар
бағасының өзгеруі:
----------------------------------------------------------
Бағаның өзгеруі /
Эмитент (соңғы мәміленің күні) Өзг., %
--------------------------- ---------------------- -------
"Teniz Capital Investment 7 100,00 5 071,00 +40,0
Banking" АҚ (TCIB) (31.07.24) (28.06.24)
--------------------------- ----------- ---------- -------
"Қазақтелеком" АҚ 36 790,00 27 701,00 +32,8
(KZTKp) (31.07.24) (28.06.24)
--------------------------- ----------- ---------- -------
AltynGold plc 979,99 760,00 +28,9
(GB_ALTN) (31.07.24) (28.06.24)
--------------------------- ----------- ---------- -------
"Банк ЦентрКредит" АҚ 1 995,00 1 816,00 +9,9
(CCBN) (31.07.24) (28.06.24)
--------------------------- ----------- ---------- -------
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық 13 434,99 12 700,00 +5,8
компаниясы" АҚ (KMGZ) (31.07.24) (28.06.24)
--------------------------- ----------- ---------- -------
"Қазақтелеком" АҚ 38 874,00 36 845,00 +5,5
(KZTK) (31.07.24) (28.06.24)
--------------------------- ----------- ---------- -------
"Аман Мунай Эксплорэйшн" АҚ 811,17 774,19 +4,8
(AMAN) (02.07.24) (02.02.24)
--------------------------- ----------- ---------- -------
"ForteBank" АҚ 5,19 5,79 -10,4
(ASBN) (31.07.24) (28.06.24)
--------------------------- ----------- ---------- -------
"АК Алтыналмас" АҚ 22 108,00 25 790,00 -14,3
(ALMS) (10.07.24) (30.12.22)
----------------------------------------------------------
* кестеде +/- 5 %-дан асатын акциялар бағасының өзгеруі келтірілген.
[2024-08-06]