"ЛОТТЕ Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
01.08.24 15:13
/KASE, 01.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE WELLFOOD CO., LTD (Сеул, Корея
Республикасы) болып табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы
(компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,57 %) бар.
[2024-08-01]