/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗ АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ СЫНЫПТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

01.08.24 09:00
/KASE, 01.08.24, 29.07.24, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың тамыз айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2024 жылдың 24 шілдесіндегі шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2024 жылдың 01-31 тамыз аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 58 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2024 жылдың шілде айында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) NVIDIA Corp.(АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акциялары; 2) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акциялары; 3) Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акциялары; 4) iShares MSCI France ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) ETF бағалы қағаздары; 5) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай акциялары; 6) Amazon.com, Inc.простые акции US0231351067 ("KASE Global" секторы, MZN_KZ) жай акциялары; 7) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 (сектор "KASE Global", IGLB_KZ) ETF бағалы қағаздары; 8) "First Heartland Jusan Invest "АҚ басқаруындағы"allEM" ИИПҚ KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) пайлары; 9) SPDR Gold Shares US78463V1070 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_GLD_) ETF бағалы қағаздары. 2024 жылдың шілдесінде қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класс тізімінен мыналар шығарылды: 1) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ KZPF00000090 (сектор "ценные бумаги инвестиционных фондов", FFINgw) пайлары. Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың тамыз айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_aug.pdf Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың шілде айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_jul.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2024-08-01]