01 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында The Coca-Cola Company US1912161007 (KO_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

31.07.24 17:38
/KASE, 31.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 тамызынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 13 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Coca-Cola Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы, (KO_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 13 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 16 қыркүйегiнен бастап қайта басталады. [2024-07-31]