"Fincraft Resources" АҚ 2023 жылдың шілдесі – 2024 жылдың шілдесі аралығындағы кезеңге өзінің KZ1P00000566 (SATCp) артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төледі

31.07.24 14:35
/KASE, 31.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Алматы) өзінің KZ1P00000566 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, SATCp) артықшылықты акциялары бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап 2024 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңге жалпы сомасы 392 649 869,00 теңгеге дивидендтер төлегені туралы KASE-ге хабарлады.. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_dividends_300724_89.pdf [2024-07-31]