/KASE, 30.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ЭЙР АСТАНА" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
30 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Орталық Азия мен Кавказдағы компаниялар тобы түсім көлемі мен әуе
кемелері паркі бойынша ең ірі әуетасымалдаушы «Эйр Астана» тобы 2024
жылғы 26 шілдеде Директорлар кеңесі ірі мәмілені 2024 жылғы 25 шілдеде
мақұлдағаннан кейін Airbus A321neo LR жеті ұшағының операциялық
лизингіне Air Lease Corporation-мен келісімге қол қойғанын хабарлайды. Әуе
кемелері 2026 жылдан бастап жеткізіле бастайды. Келісім 2028 жылдың
соңына қарай Топтың паркті 80 ұшаққа дейін кеңейту бойынша жоспарын
қолдайды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300724_3.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300724_2.pdf – орыс тіілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300724_1.pdf – ағылшын тілінде.
[2024-07-30]