АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
30.07.24 09:18
/KASE, 30.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 142 949 700 дана,
артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана;
- компанияның 99 953 939 жай акциялары және 9 896 772 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып
алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR METALS FZCO болып табылады,
оның меншігінде 109 131 836 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы
санынан 99,35 %) соның ішінде компанияның 99 940 708 жай акциясы (компанияның
орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,99 %) және 9 191 128
артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының
жалпы санынан 92,87 %) бар.
[2024-07-30]