АҚ "QAZAQGAZ AIMAQ" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

29.07.24 17:43
/KASE, 29.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "QAZAQGAZ AIMAQ" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 69 313 591 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ болып табылады. [2024-07-29]