/KASE, 29.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың тамыз
айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы
акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері)
қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2024 жылдың 24 шілдесіндегі шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2024 жылдың 01-31 тамыз аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші
кластағы бағалы қағаздар тізіміне 58 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді.
2024 жылдың шілде айында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы
бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар
кірді:
1) NVIDIA Corp.(АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ)
жай акциялары;
2) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы
алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акциялары;
3) Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы,
MSFT_KZ) жай акциялары;
4) iShares MSCI France ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы,
EWQ_KZ) ETF бағалы қағаздары;
5) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы,
OXY_KZ) жай акциялары;
6) Amazon.com, Inc.простые акции US0231351067 ("KASE Global" секторы,
MZN_KZ) жай акциялары;
7) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118
(сектор "KASE Global", IGLB_KZ) ETF бағалы қағаздары;
8) "First Heartland Jusan Invest "АҚ басқаруындағы"allEM" ИИПҚ
KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FHJIpc) пайлары;
9) SPDR Gold Shares US78463V1070 ("инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары" секторы, US_GLD_) ETF бағалы қағаздары.
2024 жылдың шілдесінде қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класс
тізімінен мыналар шығарылды:
1) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ
KZPF00000090 (сектор "ценные бумаги инвестиционных фондов",
FFINgw) пайлары.
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың тамыз
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_aug.pdf
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың шілде
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_jul.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2024-07-29]