/KASE, 26.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 шілдесінен
бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011596
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFTFb3; 1 000 теңге, 5,0 млрд
теңге; 25.07.24-25.07.28; жартыжылдық купон, жылдық 14,00%; 30/360)
облигацияларымен KASE сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі
номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFTFb3/
[2024-07-26]