29 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America
Corporation US0605051046 (BAC_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
26.07.24 16:19
/KASE, 26.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 шілдесiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
06 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Bank of America
Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 06 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 қыркүйегiнен
бастап қайта басталады.
[2024-07-26]